Жаңалықтар
Тағы да әуе апаты. Торонтоға қонған жолаушылар ұшағы аударылып қалды
- author AR-AY
- 18 ақпан, 2025
- 36

17 ақпанда Торонто халықаралық әуежайында Миннеаполистен ұшып келген жолаушылар ұшағы қону кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды arainfo.kz
Әуежайдың баспасөз қызметі оқиға туралы Х әлеуметтік желісінде хабарлады. Ресми мәліметтерге сәйкес, АҚШ-тың Миннеаполис қаласынан келген Delta Airlines әуе компаниясының ұшағы қону кезінде бүйіріне аударылып кеткен.
CTV арнасының хабарлауынша, ұшақ бортында 76 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған, яғни барлығы 80 адам.
Оқиға салдарынан 8 адам жарақат алған. Дегенмен, зардап шеккендердің ешқайсысы ауыр жарақат алмағаны атап өтілді.
Бұл төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік желілерде әуежайдан және апатқа ұшыраған ұшақтан түсірілген кадрлар тарады.
Келесі мақала
ҚМДБ: Биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Сарысуда «Жаңару күні» аясында 27 мың түп тал отырғызу акциясы басталды
- авторAR-AY
- 19 наурыз, 2025