
Футбол: Қазақстан құрамасы Солтүстік Корея командасынан жеңіліп қалды,деп хабарлайды arainfo.kz
Qazsport телеарнасының мәліметінше, Ұлттық құрамамыз Корей Халық-Демократиялық Республикасы (КХДР) құрамасымен оқу-жаттығу жиынында жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен ұтылды.
Айта кетейік, қаңтар айының соңында ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов отставкаға кетіп, оның орнына уақытша Әли Әлиев тағайындалған еді. Жаңа бапкер ұлттық құрамада жалқауларға орын жоқ екенін айтып, жастарға көбірек мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
Күні кеше Әлиевтің шәкірттері ташкенттік «Локомотивпен» жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті.
Наурыз айында Қазақстан құрамасы алдымен Уэльспен, кейін Лихтенштейнмен кездеседі. Осы ойындардан кейін бас бапкер мәселесі де түбегейлі шешілмек.