Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды

Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды
Ақорда
Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Берік Уәли бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарған.

Жаңа облыс басшысы 1977 жылы қазіргі Абай облысында дүниеге келген.

Ол Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтында «Кинотанушы» мамандығын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Журналистика» (магистратура), сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Құқықтану» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы «Таң» телекомпаниясында «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының тілшісі болып бастаған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар