Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті
Ашық дереккөз
Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толды. Осыған орай Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман, тек сенен есте қалған...» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Кездесуге Жамбыл облысының Интернационалист-жауынгер одағы Қоғамдық бірлестігінен Ізбасаров Керім Мақанбетұлы, Төртбаев Марат Әсілбекұлы, Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері Буралхиев Ержан Максутович, Нарикеев Нурлан Асанович және Ауған соғысының ардагерлері Сертеков Жеңіс Шалқарбекұлы, Ибраев Ғани Файзуллаұлы Елшібаев Мәулен Тілеуқабылұлы, Абдуллаев Қайрадин Сапаұлы, сонымен қатар, Жамбыл облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасының қызметкерлері, Сарыкемер ауданы, Ақжар ауылы HO336 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты.

Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан ардагерлер, Ауған соғысы тарихтың  ең қаралы парақтарының бірі екенін, Отан алдындағы борышын адал атқарған жастардың үлкен саяси ойынның құрбандығына шалынғанын, жат елде жан тапсырып, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз өзінің соғыс кезінде бастан кешкен естеліктерімен бөлісті.

Кеш барысында жүректі тебірентер патриоттық «Тревога», «Елім менің» әндерін кеш қонақтары жанды дауыспен орындады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар