Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Ашық дереккөз
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды.

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Осыған байланысты, ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.

Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды. Оның орнына Ербол Дәненұлы Адаев тағайындалды.

Сонымен қатар Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Оның орнына Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Тілекұлы Ерғарин тағайындалды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар