Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

2025 жылы Жамбыл облысының тұрғындары 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

2025 жылы Жамбыл облысының тұрғындары 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі
Ашық дереккөз
Мемлекет басшысының 2021 жылғы Жолдауында 2025 жылдың соңына дейін халықтың 100% таза ауыз сумен қамту тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында тиісті жұмыстар атқарылуда,деп хабарлайды arainfo.kz

Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі.

Бүгінгі таңда облыстағы 371 елді мекеннің 97% сапалы ауыз сумен қамтылған. Бүгінге ауыз сумен қамтамасыз етілмеген Тараз, Шу қалалары бойынша 9 тұрғын алқап және 27 ауылдық елді мекен қалып отыр.

22 ауылда су жүйелерін салу жоспарланған, оның ішінде 17 ауылдағы құрылыс 2024 жылдан өтпелі, 4 елді мекеннің құрылыс жұмыстары биылғы жылы басталатын болады.

Халық саны аз 5 елді мекенде кешенді блок-модульдер орнатылады.

Қордай ауданындағы Алға ауылын ауыз сумен қамту жобасы сараптамадан өтуде.

Тараз және Шу қалаларындағы 9 тұрғын алқаптың 3-де құрылыс жұмыстары басталды.

Жоспарланған жұмыстарды толық аяқтау үшін республикалық бюджеттен 7,2 млрд теңге қаражат қажет. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен де қаржыландыру көзделуде.

Жамбыл облысы тұрғындарын таза ауыз сумен қамту – басты басымдықтардың бірі. 2025 жылы 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

 

 

 

 

 

 

 

2

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар