Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылда есірткі тасымалының арнасы тоқтатылды

Жамбылда есірткі тасымалының арнасы тоқтатылды
Ашық дереккөз
Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі тасымалы арнасын тоқтатты.

Биылғы жылдың қаңтар айында Шу ауданында 25 келі гашишті сатуға әрекеттенген Қазақстан азаматы ұсталды. Тексеру барысында тәркіленген есірткі заттарының Қазақстанның солтүстік өңірлеріне жөнелтілуі жоспарланғаны анықталды.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеуге қатысты басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.

ҰҚК баспасөз қызметі

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар