Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АРНАЙЫ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

АРНАЙЫ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ
ашық дереккөз
АРНАЙЫ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ
Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы №30 мектеп-гимназиясында халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Шындықтың шырақшысы – Шераға» атты әдеби кеш өтті. Айта кету керек, №30 мектеп-гимназияға облыс әкімінің №188 Қаулысы бойынша тамыз айында Шерхан Мұртазаның есімі берілген болатын. Енді білім ордасында Шерхан Мұртазаға арналған арнайы кабинет ашылып, оқушыларға шерхантану пәні оқытылады. – Шерханның аты берілген мектептен Шерханның жолын ұстанған, ізін жалғайтын тұлғалар әлі де шығады деп сенеміз. Білім ордасына жазушының атын беру мемлекет және қоғам қайраткерінің еліне сіңірген еңбегіне көрсеткен аз ғана құрметіміз деп білеміз, – деді Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімі басшысының орынбасары Дүрия Тоғатаева. Кештің соңы мәжіліс залындағы оқушылар дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Онда оқушылар жазушының шығармасынан үзінділер оқып, қойылым қойып, өздерінің Шерхан Мұртазаға арнаған жүрекжарды өлеңдерін оқып берді.  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар