«Менің қаруым – қалам мен газет»
Тараз қаласының Жамбыл даңғылы бойындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының бас ғимаратынан осы білім ордасының «Шерхантану» орталығы ашылды.
Іс-шара барысында аталған институттың президенті Ерболат Саурықов орталықта алдағы уақытта үлкен ғылыми жұмыстар атқарылатынын тілге тиек етті. Жаңа ғимараттың ішінен орын тепкен «Шерхантану» орталығының лентасын жазушы Елен Әлімжан мен ҚР Ақпарат саласының үздігі «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Оралхан Дәуіт қиды.
Мұнан соң осы орталықтың мәжіліс залында «Менің қаруым – қалам мен газет» атты ( Шерағаның сөзі) дөңгелек үстел өтті. Жиында жазушылар Елен Әлімжан, Бекет Момынқұл кеңінен ой толғап, жылы естеліктер айтты.
Білім беру ісінің үздігі Сағынбек Әшірбеков те өз ойын ортаға салды. Өз кезегінде Оралхан Әбдірашұлы Шераға дәуірі мен қазіргі кезеңдегі журналистиканы байланыстыра сөйледі. Сондай-ақ, «Жас алаш» газетінің облыстағы тілшісі Нұрболат Әлдибек, Білім саласының ардагері Сәуле Мұсаевалар пікір қосты. Халық жазушысының немере інісі Әлижан Мұртазаев та жасалып жатқан игі істер мен жазушыға деген құрмет үшін алғыс білдірді.
«AR-AI» - ақпарат
Келесі мақала