Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ШЫНДЫҚТЫҢ ШЫРАҚШЫСЫ»

«ШЫНДЫҚТЫҢ ШЫРАҚШЫСЫ»
ашық дереккөз
«ШЫНДЫҚТЫҢ ШЫРАҚШЫСЫ»
Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияда «Шындықтың шырақшысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы, Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының бөлім меңгерушісі Назым Қожамарова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ардақты ұстаз Тоймұрат Қожамұратов сынды тұлғалар кездесудің қадірлі қонағы болды. Еркін форматта өткен кездесуде оқушылар өздерінің көкейіндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Мәселен Көсемәлі Сәттібайұлы Шерханның ұстанымы, адамдарға деген құрметі мен қарым-қатынасы, бірге өткізген қызықты сәттері туралы кеңінен әңгімелеп берді. Алда Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында Шерхан Мұртаза атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинеті ашылады деп жоспарлануда.

Шапағат ӘБДІР

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар