Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жыл соңына дейін 65,6 мың жұмыс орны құрылады

Жыл соңына дейін 65,6 мың жұмыс орны құрылады
Ашық Дереккөз
Облыста жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларының арқасында кәсіпкерлікті және оқыту бағдарламаларын дамыту, мемлекеттік гранттар беру есебінен жұмыс орындарының саны артуда.

2024 жылы әлеуметтік саланы дамытуға 42,4 миллиард теңге бөлінді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артық.

Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру туралы тапсырмасы асыра орындалды. Жаңа кәсіпкерлік бастамаларды қолдау есебінен 13,1 мыңнан аса жұмыс орны құрылды (жоспар – 11 мың).

Өңірлік жұмыспен қамту картасы азаматтарды жұмысқа орналастыруды жоспарлауға және еңбек нарығының қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Осы карта шеңберінде 70,1 мыңнан аса жұмыс орны (51,3 тұрақты жұмыс орны) құрылды.

Жыл қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту жоспары да асыра орындалды.

2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 62,7 мың жамбылдық (жоспар – 55,6 мың) қамтылды. Атап айтқанда, олар тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды, өтеусіз гранттар алды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 10,8 мың адамға кеміді.

Өңірде 2025 жылы 65,6 мың жұмыс орнын (48,2 тұрақты жұмыс орны) құру күтілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар