
Жазар болсам салмақты, саналы өлең.
Өр рухыңа өрілген жақұттан жыр,
Тарту болсын өзіңе балаң менен.
Поэзиямен үндескен жыр әлемі,
Сара жолда саф өнердің мұрагері.
Құлашын кеңге жайған, мыңнан жүйрік,
Мұқағали қара өлеңнің құлагері.
Жоғалтпаған пайым мен парасатын,
Тұлғасына таланты жарасатын.
Әрбір сөзі астарлы алтынмен тең,
Қазаққа ортақ перзенті Қарасаздың.
Жанартаудай жалын атып отты демім,
Дүрсілдеп жүрегім жиі соқты менің.
Мен сендей жырдан мүсін соға алмадым,
Сенен артық жалғанда жоқ білгенім,
Тарихта тағлымы бар сиясының,
Белестің бағындырды ол қия шыңын.
Бірақ менде ақынындай Қарасаздың,
Бүгінгі текті жұрттың тұяғымын.
Ұнайды өлеңдерің маған рухты,
Сол арқылы ұлылықты санам ұқты.
Мұқағали жырларын қадір тұтқан,
Бұл күнгі оқырманмен заман мықты.
Дарынды ақынымсың дара менің,
Ашылмаған тұлғасың бар әлемің.
Тарихтағы өшпейтін ізің мәңі,
Бас иемін патшасына қара өлеңнің.
Әбдімомын ЖАНСЕЙІТ,
Темірбек Қожакеев
атындағы №39 жалпы
орта білім беретін
мектеп-гимназияның
10-сынып оқушысы,
Меркі ауданы