Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Меркіде тағы бір медициналық пункт ашылды

Меркіде тағы бір медициналық пункт ашылды
Ашық Дереккөз
Меркі ауданының Тұрар Рысқұлов ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт халық игілігіне берілді.

Жаңа медициналық нысан ауыл тұрғындарына сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Ашылу салтанатында ауыл ақсақалы Советхан Әділбеков пен ардагер медбике Биғайша Еркебаева жаңа нысанның тұрғындар үшін маңыздылығын жеткізді.

Медициналық нысан бір уақытта 15 келушіні қабылдай алады. Ғимаратта акушерлік, қаралу, екпе егу кабинеттері, стерилизациялық бөлме, физиотерапия және басқа да қажетті медициналық бөлмелер қарастырылған. Барлық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Нысан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бой көтерген. Жоба құны – 246 миллион теңге.

Ауыл тұрғындары жаңа медициналық нысанның іске қосылуына атсалысқан азаматтарға алғысын арнап, ел игілігі үшін қызмет ететініне сенім білдірді. Жергілікті билік өкілдері ауылдық елді мекендерді дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар