Жаңалықтар
Ауыр атлетикадан Азия чемпионы лауазымды қызметке тағайындалды
- author AR-AY
- Бүгін, 11:46
- 21
![Ауыр атлетикадан Азия чемпионы лауазымды қызметке тағайындалды](https://arainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/1738824665.webp)
Ауыр атлетикадан Азия чемпионы Мадина Астамирова федерацияның бірінші вице-президенті болып тағайындалды,деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлімдегендей, федерация президенті Гаджиев Гаджи Шапиевичтің бұйрығымен Астамирова Мадина Нұржанқызы Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті болып тағайындалды.
Астамирова Мадина Нұржанқызы – ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы әрі Қазақстан рекордшысы. Ол 2010 жылы қыздар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанса, 2011 жылы Азия чемпионы атанған.
2023 жылдан бастап, Мадина Астамирова Ауыр атлетика федерациясының Бас хатшысы қызметін атқарып келеді.
Келесі мақала