
Министр Ақмарал Әлназарова сүйек кемігінің доноры болды,деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сүйек кемігін трансплантациялау үшін донорлыққа қатысу мақсатында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына барып, донорлық рәсімнен өтті. Министр бұл қадамды елдегі қан обырымен ауыратын 8000-нан астам пациенттің өмірін сақтап қалу үшін жасағанын айтты.
Әлназарова атап өткендей, сүйек кемігінің трансплантациясы көптеген науқастар үшін жалғыз емдеу тәсілі, алайда туыс емес донорлармен үйлесімділік ықтималдығы өте төмен. Сондықтан, донорлар тізілімін кеңейту қажеттілігі туындайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда 12 742 әлеуетті сүйек кемігі доноры тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігі «Әрбір қан тамшысындағы өмір» акциясын жариялап, қоғамды донорлыққа тартуға шақыруда.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Ұлттық спорт күні: Жазасын өтеушілер өзара кім мықтыны анықтады
- авторAR-AY
- 20 наурыз, 2025