Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Емхана елге қызмет етеді

Емхана елге қызмет етеді
Ашық Дереккөз
Медициналық көмек – адам денсаулығын сақтауды жетілдіру, аурудың алдын алу және емдеу үшін көрсетілетін қызмет түрі. Елімізде барлық азаматтарға медициналық көмектің екі түрі көрсетіледі. Олар кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қызметтер.

Елімізде азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі медициналық қызмет көрсету жүйесі негізінде ұйымдастырылған. Бұл жоба мемлекет есебінен қаржыландырылады және барлық азаматтар, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысушылар мен қатыспайтын азаматтар да пайдалана алады.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі халыққа қажетті негізгі медициналық қызметтерді қамтиды. Ол әртүрлі аурулардың алдын алу, диагностика, емдеу, оңалту және реабилитация қызметтерінен тұрады.

Емханамызда дерттің алдын алу бойынша медициналық көмек қызметтеріне мыналар жатады. Мәселен, ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару, халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық тексеру, иммундау (вакцинация) шаралары іске асырылады. Сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, ұрпақты болу үшін денсаулығын қорғау жөнінде де арнайы жұмыстар жүргізіліп отырады. Жүкті және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерді бақылау, инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар, жаңа туған нәрестелерді бақылау және тексеру шараларына да келушілер жетерлік.

Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек қызметі де өз деңгейінде жұмыс істеуде. Оның құрамына АИТВ-инфекциясының және туберкулездің профилактикасы мен диагностикасы, жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезіндегі қызметтер жатады. Сонымен қатар елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын тудыратын аурулар кезіндегі жұмылдырылған мобильді бригаданың қызметтері де кіреді. Сондай-ақ әлеуметтік маңыздылығы жоғары аурулар кезіндегі диагностика және емдеу қызметі мен динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар кезіндегі емдеу шаралары да жүзеге асырылады.

№2 қалалық емхана науқастарды физикалық және психологиялық қалпына келтіру үшін қажетті оңалту қызметтерін де көрсетеді. Сондай-ақ керекті дәрі-дәрмекпен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен де қамтамасыз етеді. Созылмалы аурулары бар адамдарға дәрілік препараттар тегін беріледі. Сонымен қатар қауіпті жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, түрлі жарақаттар мен уланулардың, инсульт пен инфаркт алған азаматтарға да дереу қызмет көрсету іске асырылады.

Бүгінгі таңда №2 Тараз қалалық емханасына 67 800 тұрғын тіркелген. Тіркелген азаматтардың барлығына тегін медициналық көмек көрсетіледі.

Ұлбосын БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
№2 Тараз қалалық емхана
бас дәрігерінің оқыту әдістемелік
жұмысы жөніндегі орынбасары

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар