Қазақ халқының тілі тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол осы халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтының айнасы. Қазақ тілінің ерекше сөз байлығы мен метафоралық құрылымы оның ұлттың танымын, дүниетанымын, көзқарасын көрсетеді.
Қазақ тілінде «Жүздеген жылдар бойы сақталып келген әдет-ғұрып, салт-дәстүр, таным, ұғымдар» туралы мағлұматтар сақталады. Тіл – тарихтың тірі куәгері. Мәселен, қазақтың ауыз әдебиетінің байлығы, эпос, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер ұлттың рухани байлығын, мәдениетін, тұрмыс-салтын, философиясын танытады.
Мемлекеттік тіл – бірлік пен татулықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі. Ол тек ұлттық мәдениет пен тарихтың сақталуын қамтамасыз етпей, сонымен қатар Қазақстанның барлық азаматтарының тең құқылы қоғамда өмір сүруін қамтамасыз етеді. Тілдің дамуы мен оның кеңінен қолданылуы еліміздегі әлеуметтік келісім мен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді. Қазақ тілін меңгеру, оны құрметтеу – әр азаматтың бойындағы патриоттық сезімін арттырудың, еліміздің болашағы үшін жауапкершілік сезімін күшейтудің басты жолы.
Айгерім Тойбай,
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының жетекші маманы
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жастары «Таза Қазақстан» эко-акциясын бірауыздан қолдайды
- авторAR-AY
- 4 ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
- авторAR-AY
- 4 ақпан, 2025