Жамбыл жастары «Таза Қазақстан» эко-акциясын бірауыздан қолдайды
- author AR-AY
- 4 ақпан, 2025
- 41
Тәрбиелік тағылымы мол басқосу барысында өңірде «Экологиялық мәдениет» ұғымын қалыптастыру туралы жас буын тарапынан ұтымды ұсыныстар айтылды.
– Бүгінгі дөңгелек үстел жастар арасында, әсіресе, оқушылар мен студенттер арасында қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етеді. Акция арқылы туған жерді сүю, табиғи байлықты сақтау, оны таза ұстап, жасыл желекті арттыу ұғымы терең қалыптаса түседі. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» акциясы әрбір қазақстандыққа өзінің маңыздылығын және елдің дамуына қосқан үлесін сезінуге мүмкіндік береді, - дейді белсенді жас М. Нұрділләұлы.
Осындай бағыттағы шаралар облыс аудандарында да ұйымдастырылды. Жамбыл ауданында жастар арасында «Табиғатты аялайық» викторинасы ұйымдастырылса, Жуалы ауданында «Жастар – ел болашағы» атты дөңгелек үстел отырысы, Қордай ауданында «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында жастармен кездесу, Мойынқұм ауданында ауылдық округтер арасында «Таза аудан» челленджі өткізілді.
Сонымен қатар, Т.Рысқұлов ауданында «Таза өлке бізге аманат» тақырыбында еңбек ардагерлері жастармен, Шу ауданында волонтерлар №10 Шу коллледжінің студенттерімен кездессе, Меркі ауданында жастар арасында «Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты флешмоб, Сарысу ауданында «Бірге – Таза Қазақстан!» тақырыбында эко-ойын, Талас ауданында «Таза Қазақстан – Таза әлем» атты жастардың жоғарғы сынып оқушыларымен кездесуі ұйымдастырылды.
Айта кетейік, аталған шаралар облыста «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы ағымдағы жылғы алғашқы апталық. Былтырғы жылы акция барысында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 137,5 мың аула мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылып, 30 875 тонна қоқыс шығарылған болатын. Сондай-ақ, 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылған.
Қазақ тілі – рухани байлықтың алтын арқауы
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
- авторAR-AY
- 4 ақпан, 2025