Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тіліміздің тағдыры өз қолымызда

Тіліміздің тағдыры өз қолымызда
Ашық Дереккөз
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту мақсатында Тараз қалалық сотында бірқатар бастама жүзеге асырылуда.

Біріншіден, сотта ресми құжаттар, іс қағаздарын жүргізу номенклатурасына сәйкес жүргізілетін кітаптар, есептік карточкалар, сот тәжірибесінің талдаулары, жедел кеңес және семинар сабақ хаттамалары, жоғарғы сатыдағы соттармен және басқа да мемлекеттік мекемелермен хат алмасулардың дені мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Қазақ тілін өзге ұлттар арасында насихаттау мақсатында көптеген іс-шара өткізілуде. Соттың ресми сайты қазақ және орыс тілдерінде, ал ішкі, шығыс құжат айналымы қазақ тілінде жүргізіледі. Бұл көрсеткіштер жыл сайын еселенуде. Сондай-ақ сот ісін жүргізу тілі принципін іске асыру арқылы азаматтардың қай ұлт өкілі екеніне қарамастан сот алдындағы теңдігі қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасында сот ісі қазақ тілінде жүргізіледі, сонымен бірге орыс тілі ресми түрде қолданылады, қажет болған жағдайда басқа тілдер де қолданылады. Басқа тілдерді қолдану іс жүргізу әрекеттерін орындау және белгілі бір тілде шешімдер қабылдау, сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз етеді. Сондықтан сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу және қажет болған жағдайда басқа тілдерді қолдану түсініктерін теңестіріп қарауға болмайды. Құқықтық тұрғыдан сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу нормасы жоғары тұрады.

Бастапқыда талап-арыздардың орыс тілінде берілгеніне қарамастан, азаматтық істерді алдын ала зерделеу барысында істерді мемлекеттік тілге ауыстыру мәселесі де қолға алынуда. Судьялар, мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілді меңгеру жөніндегі ҚАЗТЕСТ бағалау жүйесі арқылы тест тапсырып, базалық және орта деңгейдегі бағаларын алды. Бұл судьялардың барлығы дерлік қазақ тілінде сот процесін жүргізуге қауқарлы дегенді білдіреді.

Үшіншіден, апта сайынғы өндірістік жиналыстарда судьялар мен сот қызметкерлеріне сот актілерін жазғанда тараптардың мәліметтерін дұрыстап жазу, емле, стилистикалық қателіктерге жол бермеуге үлкен мән беру керектігі айтылып отырады.

Қазақстанда тұратын кез келген адам ана тілін, ұлтын сүюі керек. Тіліміздің тағдыры өз қолымызда. Олай болса, тіліміздің мәртебесін жұмыла көтерейік!

Тараз қалалық сотының
баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар