Игілікті іске ұйытқы болған «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері қайырымдылық акциясы арқылы адамдарды мейірімділікке, жанашырлыққа және еңбегі ауыр, қызметі елеусіз қалатын жұмысшы мамандық иелерін құрметтеуге үндегісі келетіндіктерін жеткізді.
– Таң атқаннан күн батқанға дейін ауа райының қолайсыздығына қарамастан бел жазбай еңбек етіп, қала тазалығын қалыптастырып жүрген жұмысшылардың еңбегі ерекше. Бүгінгі іс-шарамыз арқылы қала тұрғындарын жақсылыққа шабыттандырып, айналамызға жылулық сыйлауға шақырғымыз келеді, – дейді «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, жамбылдық жастардың жетекшісі Хамида Турдыева.
Айта кетейік, бірлестік жастары қайырымдылық іс-шараларына белсенді атсалысып, үлес қосудан қалыс қалған емес.
Толғанай АТАБАЙ,
облыс әкімдігі ақпарат және
қоғамдық даму басқармасы
«Қоғамдық келісім» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
жетекші сарапшысы
Тіліміздің тағдыры өз қолымызда
Ұқсас жаңалықтар
Жаза емес — көмек: Жамбыл облысында қиын жасөспірімдермен жұмыс күшейтілді
- авторAR-AY
- 30 қазан, 2025




