Жаңалықтар
Тоқаев AZAL ұшағының апатынан зардап шеккендерді құтқарған азаматтарды марапаттады
- author AR-AY
- 30 желтоқсан, 2024
- 35
Президент Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерді құтқарған азаматтарды наградтады,деп хабарлайды arainfo.kz
Марапатталғандардың қатарында ТЖМ өкілдері, медицина қызметкерлері, полицейлер, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» жұмысшылары мен Ақтау әуежайының қызметкерлері бар.
«Айбын» ордендерімен:
- Айбек Әлібаев, Маңғыстау облысы ПД криминалисі;
- Серікболат Оңғар, ТЖД №12 өрт сөндіру бөлімінің командирі.
«Құрмет» ордендерімен:
- Бақытжан Қойбеков, Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының орталық меңгерушісі;
- Ирина Кочергина, Ақтау әуежайының медициналық бекет меңгерушісі.
«Ерлігі үшін» медалімен:
- Тимур Қисаев, жедел жәрдем фельдшері;
- Оспан Оразбеков, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігері;
- Ярослав Толстиков, «Қазаэронавигация» диспетчері;
- Нұралы Шопанов, электр желілері шебері.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
- Бекболат Жұмағұлов, Ақтау әуежайы қызмет бастығының орынбасары;
- Эльдар Оразалиев, сот сараптамасы маманы.
Сонымен қатар 51 азаматқа Президенттің Алғысы жарияланды.
Келесі мақала