Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер өмірден өтті

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер өмірден өтті
REUTERS
АҚШ-тың 39-президенті Джимми Картер 29 желтоқсан күні Джорджия штатындағы Плейнс қаласындағы үйінде қайтыс болды,деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы оның ұлы Джеймс хабарлады. Картер соңғы жылдары бауыр мен миға таралған меланома дертімен күресіп келді. 2023 жылдың ақпан айында экс-президент ұзақ уақыттық ем-домнан бас тартып, өмірінің қалған уақытын отбасымен бірге үйінде өткізу туралы шешім қабылдаған.

Джимми Картер 1977-1981 жылдары АҚШ президенті болды. Оның президенттік кезеңі елде Вьетнам соғысы мен Уотергейт жанжалынан кейін халықтың үкіметке деген сенімін қалпына келтіруге арналды. Картердің сыртқы саясаттағы ең ірі жетістіктерінің бірі – Израиль мен Египет арасындағы бейбітшілікті қамтамасыз еткен Кэмп-Дэвид келісімдері.

2002 жылы ол Нобельдің бейбітшілік сыйлығымен марапатталды. Биыл, 1 қазанда, Джимми Картер 100 жасқа толған еді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар