Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр
- author AR-AY
- 27 желтоқсан, 2024
- 34
Облыс орталығы Тараз қаласында экологиялық акция шеңберінде «Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты жастар арасында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде ұйымдастырылған шара барысында жастарға экологиялық акцияның мақсаты түсіндіріліп, қоршаған орта тазалығының маңыздылығы насихатталды. «Еліміздегі аса өзекті проблемалардың қатарына қоршаған ортаны қорғау мен экологиядағы өзекті мәселелер жатады. Таза қаланың тынысы кең. 2024 жылы басталып, үрдіске айналған сенбілік қаламыздың көркеюіне көп үлесін қосты. Осы орайда біздің эко волонтерлер адамдардың қоршаған ортадағы, ағаш егу мен қоқысты сұрыптауға үйретуді, экологиялық волонтерлер қозғалысымен өзара әрекеттесуді мақсат етті. Өзін және отбасын сыйлайтын адам тазалық жұмыстарын жылдың барлық мезгілінде жүргізеді. Осы жағдайға қатысты бүгінгі таңда елімізде түрлі ауқымды шаралар жүзеге асырылып келеді. Қаланың әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың қала тазалығына қосқан үлесі» - деді сенбілікке қатысушы эко волонтер Д. Байпақ.
Акция аясында аталған бағыттағы шаралар облыстың барлық аудандарында өткізілді.
Мойынқұм ауданының жастарымен «Таза Қазақстан» челленджі бастау алса, Т. Рысқұлов жән Шу ауданының белсенді жастары студенттермен кездесу ұйымдастырды.
Бүгінгі күнге акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 137,5 мың аулалар мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 30 146 тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды. Бұл жұмыстарға жалпы 1104 бірлік техника қатысты.
Жарқын жетістіктерге толы кезең
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданының прокуратурасы «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты жастар форумын өткізді
- авторAR-AY
- 27 желтоқсан, 2024