Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жол сапасы жақсарып келеді

Жол сапасы жақсарып келеді
Ашық Дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықовтың қатысуымен брифинг өтті.

Облысымыздың жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің желісі 10 084 шақырымды құрайды. 2024 жылы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге жалпы 25,5 миллиард теңге бөлініпті. Бөлінген қаражат есебінен барлығы 355 жол жөндеу жобасын іске асыру аясында 16,5 шақырым көше жолы мен 1 көпір құрылысы, 3 шақырым жол қайта жаңғыртумен және 690,4 шақырым жол орта жөндеумен қамтылыпты.

– Облыс бойынша бүгінде 135 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде 13 маршрут облысаралық, 27-сі – ауданаралық, 54-і – ауданішілік және ауылішілік, 32-сі – қалалық және 9-ы қала маңына қатынайды. Басқарма тарапынан облысаралық 13, ауданаралық 27 бағыт ұйымдастырылған. Сонымен қатар Тараз қаласын аудандардың елді мекендерімен қосатын 16 маршрут қызмет көрсетуде. Ауданаралық 27 маршруттың ішінде 8-інің әлеуметтік маңызы бар. Одан бөлек әлеуметтік маңызы бар 3 теміржол маршруты жүруде. Жалпы биылғы жылы басқармаға қарасты 11 әлеуметтік маңызы бар маршруттарға 523,5 миллион теңге қарастырылған. Оның ішінде автобус маршруттарына 189,6 миллион теңге, теміржол маршруттарына 333,9 миллион теңге. Облыста Тараз қаласын қосқанда 371 елді мекен бар. Оның ішінде тұрғын саны 100 адамнан асатын 354 елді мекеннің қоғамдық көлікпен қамтылғаны – 305. Бұл ретте 2024 жылы басқарма, Тараз қаласы және 4 аудан әкімдігі тарапынан 17 жаңа және тоқтап қалған автобус маршруттарын қайта ашу жұмыстары жүргізілді. Автопарктердегі жылжымалы құрамдарды жаңарту жұмыстары бойынша 2024 жылы Тараз қаласына жалпы 155 жаңа автобус жеткізілді. Нәтижесінде №13, №18, №41 маршруттар қайтадан ашылды, №28, №34, №46, №54, №55, №61, №33, №40, №16, №44 маршруттарда қызмет көрсететін автобустар толықтай жаңа автобустарға ауыстырылды және №12, №23, №29, №27 маршруттар ішінара ауыстырылды, – деді Мұрат Құттыбайұлы.

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар