Жамбылда бюджет қаражатынан жұмыс істемеген жұмысшыларға негізсіз жалақы төлеген
- author AR-AY
- 25 желтоқсан, 2024
- 57
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Еңбек мобильді орталығы» қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау барысында бюджет қаражатынан субсидияланатын жұмыс орындарында жұмысшылар негізсіз жалақы төленгені анықталды.
«Еңбек мобильді орталығы» қызметкерлердің жалақысына субсидия алған жұмыс берушілердің шарттық міндеттемелерін орындамау фактілері яғни, жұмысшылардың жалған өтінімдері жекелеген адамдардың қаржылық жағдайын заңсыз жолмен жақсартуға ықпал ететін жүйелілікті көрсетеді.
Департаменттің бастамасымен «Еңбек мобильді орталығының» қызметкерлері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілермен бірлесіп тиісті көшпелі мониторинг жүргізіп, қорытындысы бойынша тиісті актілер толтырылды. Нәтижесінде 140 қоғамдық жұмысқа тартылған адамдар нақты жұмыс жасамағаны белгілі болып, олармен келісім шарт бұзылу арқылы 73 млн төленуге тиіс ақша үнемделді.