Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Диана – заң ғылымдарының докторы

Диана – заң ғылымдарының докторы
Ашық Дереккөз
Жақында Алматы қаласынан Мәдібек Мылтықбаев қоңырау шалып, сүйінші сұрады. Қуанышы қойнына сыймай қуанған ағамыз қызы Диананың Ливерпуль университетінде «Заң ғылымдарының докторы» ғылыми атағын қорғағанын жеткізді.

Бала күнінен білімге ұмтылған Диана Талас ауданының Шәкіров ауылындағы мектептің 5-сыныбын аяқтаған соң Астана, Алматы қалаларындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицейлерде үздіктер қатарында білім алған.

Кейін Польша мемлекетіндегі университетте жоғары білім алып, Аустриядағы Еуропа қауіпсіздік ұйымында еңбек жолын бастайды. Талантты жас білімін одан әрі жетілдіру үшін Англиядағы Ливерпуль университетінің докторантурасына оқуға түседі.

Күні кеше ғана Диана Мәдібекқызы «Заң ғылымдарының докторы» атағын абыроймен қорғап шықты.

Жерлесімізді шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта тәуелсіз Қазақстанның абыройын асқақтатуға тілектестік білдіреміз.

Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ,

Талас ауданының

Құрметті азаматы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар