Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тағайындау

Тағайындау
Ашық Дереккөз
Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Данияр Құттыбайұлы Өтепов облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Данияр Құттыбайұлы 1978 жылы Шу ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2002 жылы «Әулие-Ата» университетін «Жер кадастры», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Тараз қаласындағы ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жамбыл еншілес мемлекеттік кәсіпорнында инженер-жерге орналастырушысы болып бастаған.

2002-2006 жылдары Шу аудандық жер ресурстарын бақылау комитетінің жетекші маманы, бас маманы, 2006-2007 жылдары Шу ауданы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2007 жылы Жамбыл ауданы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2007-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі жер қатынастары басқармасының бас маманы, 2012 жылы жер ресурстарын басқару агенттігінің бас сарапшысы, 2012-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі жер қатынастары басқармасының бас маманы, 2013-2020 жылдары Шу ауданы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы, 2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының бас маманы-мемлекеттік инспекторы, бөлім басшысы, 2022-2024 жылдары ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы, бөлім басшысы-мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

2024 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің бас маманы лауазымында қызмет атқарып келді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар