Арман демекші, сонау 1966 жылы 100-120 түтіні бар Шайдана ауылы қазіргідей емес, қарадомалақ балалар алыстағы шетелдің мықты футболшылары сияқты болуды армандап, көшеде матадан немесе қағаздан өз қолдарымен доп жасап ойнайтын. Резеңкеден немесе таза былғарыдан жасалған допты тебу қол жетпес, ой жетпес арман болатын.
Күнде кешкісін өрістен қайтқан малды жайғаған соң ауыл шетіне футбол ойнауға асығатын балалардың құлшынысы мен көздеріндегі ұшқын ерекше еді. Әлемнің атақты Пеле, Эдуард Стрельцов сияқты шабуылшылары мен қақпашы Лев Яшин, Қазақстаннан шыққан Тимур Сегізбаев сынды мықты футболшыларға елік теп, көздерінде от ойнайтын. Міне, сол кезде ауыл жастарына қамқор болып, олардың биіктен көрінуіне жанашырлықпен қарайтын азаматтар шыға бастайды. Саламатты өмір салтын ұстанатын, спортты жанына серік ететін сондай жанның бірі – Шайдана ауылының тұрғыны Тұрдан Саршаев қаладан бірнеше д о п ә к ел і п , ба л а л а р ғ а сыйға тартады. Осылайша бала қуанышын еселеген Тұрдан аға ойыншыларға жетекшілік етеді. Сол кезден бастап балалардың спортқа қ ы з ы ғ у ш ы л ы ғ ы а рт ы п , футбол дами бастады.
Одан беріректе , я ғ н и 2 0 1 2 ж ы л ы ау ы л жастарының сұранысымен сол елді мекеннің тумасы Әділ Байұзақов құрама командаға жетекшілікті қолға алды. Ағасы, ардагер футбол ойыншысы Сенбек қ а ж ы Б а й ұ з а қ ұ л ы н ы ң бастамасымен 2012 жылы заманауи кіші футбол алаңын салып, киіз үй форматында спорт мұражайының бой к ө т е р у і н е а т с а л ы с т ы . Сондай-ақ спорт алаңының айналасын қоршап, шырша, аққайыңдарды отырғызып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Бүгінде «Шайдана-Алмаз» футбол клубына қарасты к омандалардың жетк ен жетістіктері аз емес. Аудан әкімі кубогының екі рет иегері атанған команда 2013 жылы облыстық деңгейде өткен әуесқойлар лигасында күміс жүлдені иеленді. 2021 жылы облыстар мен аудандардан келген командалар арасында ұйымдастырылған ірі турнирде жеңістің биік тұғырынан көрінді. Үздік команданы с ол к езд е а уд а н ә к і м і қабылдап, арнайы сыйлығын табыстаған болатын. Ал биыл «Шайдана-Алмаз» футбол клубы Жамбыл облысының әуесқойлар чемпионатында « Ж ы л к о м а н д а с ы » атанды. Бұл өз кезегінде шайданалықтар үшін үлкен қуаныш, абыройлы жетістік болды. Аталмыш футбол к л у б ы н ы ң ж ет і с т і к т е р і Шайдана ауылындағы спорт мұражайында сақтаулы тұрғаны – ауыл тұрғындары үшін үлкен мәртебе.
«Жақсының жақсылығын а й т, н ұ р ы т а с ы с ы н » дегендей, қазіргі таңда Әділ Әбуұлы мектеп оқушылары арасынан футболға бейімі бар жасөспірімдерді көптеп тартып, оларды спорттық киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп отыр. Бұдан басқа да қазақтың ұ л т т ы қ о й ы н д а р ы н ы ң б і р і – а с ы қ ат уд а н д а жарыстар ұйымдастырып, құндылықтарды дәріптеуде.
– Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлініп келеді. Аллаға сансыз шүкір, ауданымызда бұл сала айтарлықтай жоғары деңгейде дамуда. Шайдана ауылының жастары футболға ден қойып, жарыстарда жүлде иеленіп жүр. Келешекте оларға көп үміт арт уға болады, – деген Әділ Әбуұлы жастардың жылдың төрт мезгілінде де доп ойнауына, спортпен еркін шұғылдануына жағдай жасалып, заманауи спорт кешені салынса деген ұсынысын жеткізді.
Мақсат ЖҰМАБАЕВ, журналист,
Жамбыл ауданы