Жамбыл облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды
- author AR-AY
- Бүгін, 10:02
- 16
Данияр Құттыбайұлы 1978 жылы Шу ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетін, 2002 жылы «Әулие-Ата» университетін «жер кадастры», «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Тараз қаласындағы ҚР жер ресурстарын басқару агенттігінің Жамбыл еншілес мемлекеттік кәсіпорнының инженер жерге орналастырушысы болып бастаған.
2002-2006 жылдары Шу аудандық жер ресурстарын бақылау комитетінің жетекші маманы, бас маманы, 2006-2007 жылдары Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2007 жылы Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2007-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бас маманы, 2012 жылы жер ресурстарын басқару агенттігінің бас сарапшысы, 2012-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бас маманы, 2013-2020 жылдары Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы, 2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының бас маманы-мемлекеттік инспекторы, бөлім басшысы, 2022-2024 жылдары ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы, бөлім басшысы-мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.
2024 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің бас маманы лауазымында қызмет атқарып келді.