Францияда қатысушылар қызыл-ақ түсті бас киімдер мен жамылғылар киіп, Париждің оңтүстік-батысындағы Исси-ле-Мулино қалашығының көшелерімен 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Мыңдаған Санта-Клаустың арасында бір Гринч те бой көрсетті.
"Гринч – Рождество рухының бір бөлігі. Ақыры, бұл оқиғаның соңы жақсылықпен аяқталады. Бұл – мейірімді Гринч, зұлым емес!" – дейді жүгіріске қатысқан маркетолог Филипп Лалер.
Ал Венгрияның астанасы Будапештте Санта-Клаустар ерекше форматта жүгіріп өтті. Қатысушылар қызыл-ақ түсті купальниктер киіп, мерекелік шараның сәнін келтірді.
"Бұл шараны алғаш көргенде, мен өзімді дәл осы жерде елестеттім және қателеспеппін. Бұл үлкен мереке, ол бізге ғана емес, айналадағы адамдарға да керемет әсер сыйлайды," – дейді жарысқа қатысушы Клара Мичан.
Сонымен қатар Косовода шамамен бес мың адам рождестволық костюмдер киіп, жыл сайынғы марафонға қатысты. Шарадан түскен қаражат Приштинадағы аурухананың педиатриялық бөліміне көмек ретінде берілді.
Айта кетейік, Санта-Клаустардың қайырымдылық жүгірісі Еуропада 21 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Қатысушылар төлейтін жарна толықтай қайырымдылық мақсатында жұмсалады.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысындағы шалғай ауылда мәдениет үйі пайдалануға берілді
- авторAR-AY
- Бүгін, 09:20