Спорт
Үстел теннисінен Кирилл Герасименко Азия құрамасымен жеңіске жетті
- author AR-AY
- 17 желтоқсан, 2024
- 58

Норвегияда үстел теннисінен Вальднер кубогы турнирі өтті,деп хабарлайды arainfo.kz
Азия және әлем құрамаларының қатысуымен үстел теннисінен халықаралық кездесу өтті. Азия құрамасының намысын Ма Лонг, Чэнь Мэн, Джанг Уджин, Лим Джонхун, Шин Юбин, Маника Батра және қазақстандық Кирилл Герасименко қорғады.
Оларға әлем құрамасы сапынан Трульс Морегард, Дмитрий Овчаров, Уго Калдерано, Адриана Диас және Бернадетте Сёч қарсы тұрды.
Кездесу нәтижесінде Азия құрамасы 14:10 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл шараға қатысқан Ян-Уве Вальднер – Халықаралық үстел теннисі федерациясы тарапынан XX ғасырдың үздік ойыншысы атанған, әлем чемпионы әрі Олимпиада ойындарының жеңімпазы.
Келесі мақала