Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстандықтар QR-код арқылы 1,3 млн рецептінің негізінде тегін дәрі алды

Қазақстандықтар QR-код арқылы 1,3 млн рецептінің негізінде тегін дәрі алды
elements.envato.com
«Әлеуметтік әмиян» арқылы дәрі-дәрмектерді электрондық беру пилоттық жобасы жұмыс жасап жатыр ,деп хабарлайды arainfo.kz

«Әлеуметтік әмиян» арқылы дәрі-дәрмектерді электрондық беру жөніндегі пилоттық жобаға республика бойынша 700-ден астам медициналық ұйым қатысады, пациенттер QR-код арқылы 1 387 756 рецептінің негізінде препараттар алды.

«Әлеуметтік әмиянды» пайдалану азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, заңсыз айналымды болдырмау, бұрмалау және басқа да бұзушылықтар саласында қолжетімділік пен толық ашықтық үшін жағдай жасайды.

Созылмалы аурулары бар адамдарды қоса алғанда, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде дәрі-дәрмектерді қабылдайтын адамдарға енді қағаз рецептіні алу үшін дәрігерге жазылуға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ, мейіргер тағайындалған дәрі-дәрмекті кезексіз өз бетінше бере алады.

Егде жастағы тұрғындар немесе «Әлеуметтік әмиян» мемлекеттік сервисінің қызметтерін пайдалана алмайтын басқа адамдар үшін емханаға барған кезде Face-ID және веб-камералардың көмегімен сәйкестендіруден өту жеткілікті, содан кейін тиісті дәрілік заттар пациенттің қолына беріледі.
Жыл соңына дейін бұл жоба тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде препараттар алатын 1,7 млн адамды қамти отырып, бүкіл республика бойынша масштабталатын болады.

Мұны қалай жасауға болады ?

Пациент «Әлеуметтік әмиян» мобилдік қосымшасына кіріп, өзінің барлық рецептілерін (белсенді және белсенді емес) көреді, дәріханаға келеді және QR рецептінің кодын ұсынады. Штрих-код сканері арқылы ақпараттық жүйедегі медицина қызметкерлері QR-ды сканерлейді және дәрі береді. Қағаз рецептілерді сақтаудың қажеті жоқ, QR әрқашан қолында
• Дәрі-дәрмектерді электрондық түрде берудің артықшылықтары
• дәрілік заттарды алудың толық тарихы сақталады
• қызмет көрсету сапасын бағалау мүмкіндігі
• фото/бейне қосу мүмкіндігімен пікір қалдыру
• пациент тарапынан өте төмен бағалау кезінде уәкілетті мемлекеттік органға электрондық өтінішті автоматты түрде қалыптастыру.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар