Жаңалықтар
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
- author AR-AY
- 12 желтоқсан, 2024
- 327
Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция мен ТЖМ күшейтілген режимге көшеді,деп хабарлайды arainfo.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қызметінің күшейтілген режимге өтетінін хабарлады.
"Ішкі істер органдарының басты міндеті – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Халық демалатын мереке күндері полиция күшейтілген қызмет режиміне көшеді," – деді ол.
Сондай-ақ, 14 желтоқсаннан бастап Төтенше жағдайлар қызметі де күшейтілген режимде жұмыс істейтіні белгілі болды.
"Қауіпсіздік ережелерін сақтау көптеген қайғылы оқиғалардың алдын алады. Біз профилактикалық жұмыстарды күшейтеміз. Азаматтардан абай болуды сұраймыз," – деп мәлімдеді ТЖМ басшысы.
Тәуелсіздік күні қарсаңында мерекелік шаралардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік шаралары ерекше бақылауға алынбақ.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
2025 жылдың 11 айында Қазақстан экономикасы сенімді өсім көрсетті
- авторAR-AY
- Бүгін, 09:44
Жаңалықтар
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- авторAR-AY
- 16 желтоқсан, 2025




