Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – азаматтық парыз
- author AR-AY
- 10 желтоқсан, 2024
- 91
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру еліміздің мәдениеті мен идентификациясын нығайтуға, ұлттық бірлікті күшейтуге, сондай-ақ халықаралық аренадағы ел абыройын көтеруге маңызды қадам болар еді.
Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оның қолдану аясын кеңейту мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Әрбір азаматтың қазақ тілін білуі мен қолдануы еліміздің болашағын айқындайтын факторлардың бірі. Жастардың қазақ тілінде білім алу мүмкіндіктері кеңейіп, қазақ тілі ғылым мен білімнің, медиа және кәсіпкерлік саласында да өз орнын табуда. Тілдің барлық салаларда қолданылуы оның тұрақты дамуына және жаңа буын өкілдерінің қазақ тілінде еркін сөйлеп, өз ойын жеткізе алатын деңгейге жетуіне септігін тигізеді.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – бұл ұлттың тілін ғана емес, оның мәдениеті мен ұлттық бірлігін нығайтуға бағытталған стратегиялық қадам. Бұл жұмысты барлық салада, білім беру, мәдениет, экономика және мемлекеттік қызметте кешенді түрде жүргізу қажет. Тек осылай ғана қазақ тілінің қолданылу ауқымын кеңейтіп, оны еліміздің болашағының ажырамас бөлігіне айналдыра аламыз.
Р.Ясарова,
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық
экономикалық сотының судьясы
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданының прокуратурасы «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты жастар форумын өткізді
- авторAR-AY
- 27 желтоқсан, 2024