Жалпы, кез келген мекемеде темірдей тәртіп орнаған кезде ғана жұмыс жүйелене түспек. Ал, сот үкімінің негізінде кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылған азаматтар жазасын өтейтін түзеу мекемелерінің қызметкерлері қырандай қырағылық танытуы тиіс. Өйткені, арнайы контингент өкілдерінің мекеме әкімшілігінің тәртібіне бағынбай, заңға қайшы әрекеттерге баруына ешкім де кепілдік бере алмайды.
Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде кезекшілік түсетін ҚАЖ қызметкерлері тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, бұл күні мекеменің бақылаушылық қызмет бөлімінің қызметкерлеріне өз міндеттері түсіндіріліп, бірқатар тапсырмалар берілді.
Келесі мақала
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттырған чемпионат
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Заң және тәртіп: ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтуде
- авторAR-AY
- 28 қараша, 2024