Жобаның мақсаты – түрлі этнос өкілдері тығыз шоғырланған қала, ауылдарда кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол бермеу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық түсіндіру және консультация беру жұмыстарын жүргізу және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру.
Жоба аясында Түркістан облысының 5 елді мекенінде және Сарыағаш, Келес аудандарында іс-шаралар өтті. Сонымен қатар облысымызға қарасты Жамбыл ауданының Гродекова, Қызылқайнар ауылдық округтері мен Қордай ауданының Сарыбұлақ, Қайнар, Степной ауылдық округтерінде бекітілген жоспар бойынша іс шаралар ұйымдастырылып, қатысушылар өзара пікір алмасты. Сондай-ақ Шымкент қаласының Абай, Аль-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Тұран аудандары мен Алматы облысы, Талғар ауданының 2 ауылында, Қонаев қаласында, Іле аудандарында кездесулер өтті.
Жоба аясында ұйымдастырылған іс шаралар барысында облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты тілдерді оқыту орталығының бөлім басшысы Шынар Бақытбек пен Бибіжар Бимаханбет лекциялар оқып, қатысушылармен ой бөлісті. Жалпы барлығы 5 өңірде 25 іс-шара ұйымдастырылды.
Арайлым ӘБДУАЛИЕВА,
«Жаңа-Ру» жастар
коалициясы» заңды
тұлғалар бірлестігінің
жоба жетекшісі