Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тағы бір металлургиялық зауыт бой көтереді

Тағы бір металлургиялық зауыт бой көтереді
Ашық Дереккөз
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен инвестициялық штабтың отырысы жаңартылған форматта өтті.

2024 жылдың мамыр айында «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының базасында инвесторды іздеп, келісімшарт жасасудан бастап пайдалануға беруге дейінгі инвестициялық жобаларды сервистік сүйемелдеуді жүзеге асыратын «Zhambyl Invest» дирекциясы құрылды. Бүгінде аталған дирекция жалпы құны 757 миллиард теңгені құрайтын 30 жобаға қолдау көрсетуде. Сондай-ақ дирекция жамбылдық тауар өндірушілердің өнімдерін шетелдік нарыққа шығару үшін экспорттық әлеуетті арттыруға күш салуда.

Штаб отырысында шетелдік және отандық 8 компания өкілі инвести циялық жоба лар ды таныстырды.

Қордай ауданында шетелдік компания құны 61,1 миллиард теңгені құрайтын тау-кен металлургия комбинатын салуды жоспарлап отыр.

«Тараз» индустриялық аймағының алаңында қуаттылығы жылына 48 мың тонна әк өндіретін зауыт, металлургиялық зауыт (қара металдардан жасалған болат дайындамалар) салу, шыңдалған шыны өндірісін жолға қою жоспарлануда.

Сондай-ақ Шу ауданындағы «Jibek joly» арнайы экономикалық аймағында 367 миллиард теңгеге тағы бір металлургиялық зауыт бой көтереді. Мұнда сым, арматура, құбыр өндірісіне арналған болат шығарылады.

Облыс орталығында қытайлық компания заманауи тракторлар шығаратын құрастыру желісін іске қосуға ниетті.

Ал түркиялық компания шағын индустриялық аймақтың аумағында тамшылатып суару жүйелерін шығару ісін қолға алады.

Шу ауданында «Sany Renewable Energy Co. Ltd» компаниясы жел генераторларына қажетті жабдықтар шығаратын зауыт салу жобасын іске асыруда. Өндіріс ошағы 1 ГВт жел электр стансасына қажетті жабдық өндіруге қуатты болмақ.

Бұдан бөлек Тараз қаласында электротаксилер іске қосылып, электр стансалары орнатылады деп күтілуде. Компания бастапқы кезеңде 40 электромобиль мен 10 электроавтобус сатып алды.

Сондай-ақ құны 8,2 миллиард теңгеге қонақүй кешенін салу жобасы талқыланды.

Бұл жобалардың барлығын жүзеге асыру арқылы 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

– Мемлекет басшысы тікелей инвестиция көлемінің төмендеуіне жол бермеу үшін жұмысты күшейтуді тапсырды. Жүктелген міндеттерді мерзімінде әрі сапалы орындау қажет. Барлық мәселелер жедел және кедергісіз шешілуі тиіс. Нақты жағдайларды ескере отырып, түйткілдердің түйінін тарқатуға көңіл бөлген жөн, – деді жиын ды қорытындылаған облыс әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар