Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тиісті шешімдер қабылданды

Тиісті шешімдер қабылданды
Ашық Дереккөз
Кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Сессияны облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев ашып, жүргізіп отырды.

Айта кету керек, бұған дейінгі өткен тұрақты комиссия отырысында «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы», «Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер енгізу жөнінде облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева баяндама жасаған болатын. Сол кезде облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықовтың «Жамбыл облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 25 қыркүйектегі №40-13 шешіміне толықтырулар енгізу туралы хабарламасы тыңдалған еді. Осыған орай сессия отырысында хабарламаларды қайта тыңдаудың қажеттілігі жоқ деп танылып, бірауыздан қолдау тапты.

Жалпы сессияның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар