Тараз қаласында №23 «Жас дәурен» бөбекжайы мен «Аю» ЖШС балабақшасы бірігіп «Табиғатты аялайық!» атты қалалық семинар өткізді.
Семинардың басты мақсаты – балалардың өміріне қауіпсіз және гипоаллергенді өсімдіктердің емдік қасиеттерін қолдана отырып, иммунитеттерін күшейтіп, денсаулықтарын жақсарту. Балабақша қызметкерлерінің міндеттері – балаларға емдік гүлдерін таныстыру, денсаулықты табиғи жолмен нығайту дағдыларын қалыптастыру. Сондай-ақ табиғи қауіпсіз және гипоаллергенді шөптермен фитотерапия арқылы иммундық жүйесін емдеу.
Семинар барысында ата-аналар өз қолдарынан экологиялық сабын мен ойыншықтар жасап шықты. Балабақша қызметкерлері балалар үшін эко сабынның денсаулыққа пайдасы зор екенін атап өтіп, пайдалы кеңестерімен бөлісті.
«AR-AI»-ақпарат
Келесі мақала