Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қырғызстанда электронды темекіге тыйым салынды

Қырғызстанда электронды темекіге тыйым салынды
Ашық дереккөз
Қырғызстанда электронды темекіге тыйым салатын заңға ел президенті Садыр Жапаров қол қойды,деп хабарлайды arainfo.kz

Заң  2025 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Осы күннен бастап Қырғызстанға құрамында никотин сұйықтығы бар электронды темекілерді әкелуге, сондай-ақ оларды ел аумағында сатуға немесе пайдалануға тыйым салынады.

Бұл бастама азаматтарды жаңа буындағы темекі өнімдерінің денсаулыққа теріс әсерінен қорғауға бағытталған", – делінген ресми хабарламада.

Заң бойынша, тыйымды бұзғандарға айыппұлдар салынады. Жеке тұлғалар электронды темекіні пайдаланғаны үшін 100 есептік көрсеткіш, ал оларды сатқаны үшін 200 есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

Сонымен қатар заңды тұлғалар үшін айыппұл 600 және 650 есептік көрсеткіш аралығында белгіленеді. Электронды темекілерді заңсыз әкелу қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Егер темекілер елеулі көлемде әкелінсе, айыпкер бір жылға дейін түзету жұмыстарына тартылуы немесе 1000-1200 есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Ал көп мөлшерде әкелу жағдайында айыппұл 2000 есептік көрсеткішке дейін ұлғайып, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда вейптерге тыйым 2024 жылдың 20 маусымынан бастап салынған болатын. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 19 сәуірде қол қойған еді. 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар