Бас мешіт пен Фатима қолы: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
- author AR-AY
- 22 қараша, 2024
- 95
Коллекциялық монеталар Ұлттық банктің https://kazcoins.nationalbank.kz/kz интернет-дүкені арқылы сатылады.
ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасы "Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері" сериясын жалғастырады. Монета 2022 жылы есігін айқара ашқан Астана қаласының орталық мешітіне арналған. Бұл мешіт – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі мешіт. Монетаның дизайнында Астана қаласының орталық мешітінің айшықталған бейнесі және мұсылманша сәлемдесуді білдіретін араб тіліндегі жазу бар.
Монеталар 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 1000 (бір мың) дана.
FATIMA QOLY (Фатима қолы) монетасы – "Сиқырлы нышандар" сериясының алтыншы монетасы. Монетаның дизайнында әртүрлі елдің мәдениетінде белгілі ашық алақан түріндегі қорғаныш тұмарының өрнектеліп айшықталған бейнесі берілген.
Монеталар эмаль жағу және алтын жалату технологиясын қолдану арқылы 925 сынамды күмістен дайындалған. Массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – antique silver, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 3000 (үш мың) дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылданады, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынады, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Санитарлық көліктер қатары толықты
Ұқсас жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024