Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Бір ел» жобасының берері мол

«Бір ел» жобасының берері мол
Ашық Дереккөз
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір ел» тарихи-танымдық жобасы аясында киелі Әулиеата өңірінде «Тарих – жастар көзімен» атты республикалық жастар форумы басталды.

Дүйсенбі күні Тараз қаласындағы «Достық» үйінде ауқымды іс-шараның ашылу салтанаты өтіп, онда облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Ұлана Сламбекқызы жобаның маңыздылығына тоқталды.

– Елге, Отанға деген сүйіспеншілік төл тарихымызды танудан басталады. Жобаның жастарға берері мол. Іс-шара аясында өтетін пленарлық отырыстар, пікірталастар, интеллектуалды ойындар еліміздің әр өңірінен келген жастардың білім көкжиегін кеңейтіп, патриоттық рухтарын нығайтуға зор үлес қосады деп сенемін, – деді Ұ.Сламбекқызы.

Салтанатты жиында «Қазақстан ұйғыр жастары одағы» РҚБ төрағасы, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының кеңесшісі Рустам Қайриев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Асқарбек Сейілхан және облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырза Ғали бірлікке үндеген жоба туралы ойларымен бөлісті.

Айта кетейік, аталған шараға еліміздің барлық өңірінен 60-қа жуық жас қатысуда. Үш күнге жоспарланған форум аясында Меркі ауданындағы «Тұран» демалыс аймағында арнайы шақырылған танымал тұлғалар мен сарапшылар жастарға дәрістер өткізетін болады.

Сондай-ақ жоба аясында жастардың қатысуымен облыстың тарихи орындарына көшпелі экспедициялар ұйымдастырылды.

Толғанай АТАБАЙ,

«Қоғамдық келісім»

коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің

жетекші сарапшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар