Кездесу мақсаты – өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастықты дамыту және бірлесе жұмыс істеу арқылы жастарға білім мен дағдыны пайдаланып, тәжірибе алу арқылы кәсіби салаға қадам басуға мүмкіндіктер ашу.
Мұхтар Қазбекұлы қонақтарға жылы лебізін білдіріп, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
«Total Energies» компаниясы – автомобиль жасау, металл өңдеу, құрылыс саласы, энергетика, тау-кен, химия өнеркәсібі секілді көптеген түрлі сала өндірістерімен танымал.
«Total Energy» тұрақты даму мектебінің» профессор-оқытушылар құрамы төрт күн бойы ұстаздар мен студенттерге бес түрлі бағытта дәріс оқып, сертификаттар табыстады. Дәріс алу үшін 660-қа жуық адам тіркелген. Тіркелгендер қатарында өңіріміздің кәсіпкерлері мен кәсіпорын мамандары да бар.
Қонақтар бас ғимаратта орналасқан мұражайда М.Х.Дулатидың шығармашылығымен танысып, әйгілі тарихшының жәдігерлері мен қоғамдық қызметін сипаттайтын мұрағат құжаттар, тарихи фотосуреттер, сирек басылымдарына қызығушылық танытты.
Сондай-ақ Дулати университеті ұжымының қонақжайлығы мен жылы қабылдауына алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.
Назира ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз
университетінің 2-курс студенті