Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жанармай стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет

Жанармай стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
Ашық Дереккөз
Жанармай құю стансаларында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау – өте маңызды мәселе. Себебі бір ғана қателік ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін.

Осы орайда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №342 бұйрығымен бекітілген «Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю стансалары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын» сақтау мақсатында автожанармай құю стансалары (АЖҚС) төмендегі талаптарды назарға алуы керектігін ескертеді.

 – АЖҚС-ға автоцистерналармен және шағын ыдыстарға құйылып жеткізілетін мұнай өнімдері тауар-көлік жүкқұжаты және резервуарда өлшенген көлемі бойынша қабылданады;

- Автокөлікке жанармай құю кезіндегі барлық операциялар жүргізушінің көзінше және көліктің қозғалтқышы сөндірілген кезде іске асырылады.

- Автоцистернаның мұнай өнімдері төгілген жерлерін жүргізушілер қозғалтқышты қосқанға дейін әбден құрғатып сүртеді. Төгілген мұнай өнімдеріне құм себіледі. Ал оларды сіңірген құм автожанармай құю стансасының аумағынан арнайы бөлінген жерлерге шығарылады;

- Жанармай құйылатын автокөлік пен оның артындағы автокөліктің арасындағы қашықтық кем дегенде 3 метр, ал кейінгі автомобильдер арасындағы қашықтық кем дегенде 1 метр болады;

- АЖҚС аумағында автокөлік құралдары жиналып қалған кезде АЖҚС-дан шығу жолдарының бос болуы және маневр жасау мүмкіндігінің болуы қадағаланады;

- Жанғыш немесе жарылыс қаупі бар жүк тиелген автомашиналарға жанармай АЖҚС аумағынан кем дегенде 25 метр қашықтықта орналасқан жабдықталған алаңда құйылады;

- Темекі тартуға және ашық от көзін пайдалануға тыйым салынады;

- Тез тұтанатын сұйықтықпен қол жууға, киім жууға және еден сүртуге жол берілмейді;

- Жүргізушісі мас күйде болған көлікке жанармай құйылмауы керек;

- АЖҚС алаңында автомобильді жөндеуге, мұнай өнімдерін шыны ыдысқа құюға болмайды.

- Автокөлікке жанармай құю кезінде мұнай өнімдерін төгуге және асыра құюға жол берілмеуі қажет.

Назгүл ҚЫДЫРӘЛІ,

Өнеркәсіптік қауіпсіздік

комитеті облыс

бойынша департаментінің 

бас маманы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар