Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында: «Қазір еліміздегі мектеп кітапханаларында 1 3 0 миллионнан астам кітап бар. Бірақ ондағы көркем әдебиеттің үлесі мардымсыз. Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек. Бұл қиын мәселе екенін түсінемін. Әсіресе олардың бар назары әлеуметтік желіде болған кезде тіпті қиын. Бірақ бұл мәселемен айналысу керек. Басқа жол жоқ», – дей келе, «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны қолға алуды тапсырды.
Жалпы бүгінде елімізде кітапхана қызметтерін пайдаланушылар саны 10 миллионға жуықтады және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Бұл ретте кітапханашылардың кәсіби еңбегі мен ағартушылық рөлін айтпай кетуге болмайды.
Кітапхана – дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі, ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы. Ал қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бірауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жұрт көп біле бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап , ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Кітапханашылар білім , ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өрк ениетті ел ге айналуымыздың негізін қалауда.
Осы орайда барша әріптестерімді Кітапханашылар күні мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, істеріне береке тілеймін!
Әлия ИСКАКОВА,
Т.Рысқұлов аудандық
кітапхананың кітапханашысы
Ішкі сауда ілгері жылжуы керек
Ұқсас жаңалықтар
Тараздағы әскери бөлімде ақын Үміт Битеновамен кездесу кеші өтті
- авторAR-AY
- 26 қараша, 2024