Қарасақ көңілдерді шын аудара,
Болмайды артық сөйлеп, сынауға да.
Тудырған кілең алып тұлғаларды,
Ықылас ғұмыр кешкен мынау дала.
Айналсақ Асанәлі арыс ұлдан,
Сембиндер жаралғандай намысыңнан.
Арқырап Маралтайың шықты, ойхой,
Саңлақтар туатын Сарысудан.
Бұл дала шын мықтыны іріктеген,
Жүрмейді ешкім мұнда күдікпенен.
Сарысу демалады осы күнде,
Маралтай бойындағы рухпенен.
Ауылға ауған кезде көңілі шын,
Игілікке бар сырын төгу үшін.
Игілікке келеді өр Маралтай,
Алғашқы мұғалімін көру үшін.
Сарысу сені көрсем серпілермін,
Жақсы бір мақсаттарға жең түрермін.
Мінекей, 55 жыл уақыт өтті,
Жаңатас қаласына кеншілердің.
Барша жұрт жаңаша бір байқады деп,
Қай жаққа барсадағы айта жүред (і).
Маралтай рухындай өр Жаңатас,
Қайта өсіп келеді, қайта түлеп.
Біздерге ақ тілекті бер Тәңірі,
Жайнай бер Сарысудың орталығы.
Мың жаса өр мінезді Марал аға,
Қазақтың өр баласы, Кентавры!
Сәулет РАХМАНБЕРДІ,
мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы,
Қаратау қаласы