Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

8 айда 509 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған

8 айда 509 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған
Ашық Дереккөз
Алкоголь мен темекі өнімдері қоғам үшін көптеген қауіп-қатер тудыратыны белгілі. Қоғамдық орындарда ішімдік ішу және көлікті масаң күйде басқару, сондай-ақ темекі бұйымдарын тыйым салынған жерлерде тұтыну туралы статистика бұл проблемалармен күрестің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.

Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына елеулі зиян келтіріп қана қоймай, қоғамда әлеуметтік мәселелердің пайда болуына ықпал етеді. Мәселен, алкоголь бауыр, жүрек-қантамыр ауруларының, жүйке жүйесінің бұзылуының негізгі себебі. Ішімдікті көп ішетін адамдардың өмір сүру ұзақтығы айтарлықтай қысқарады, өйткені организм ұзақ уақыт бойы улану жағдайында болады. Сонымен қатар алкоголь – адам ағзасындағы барлық мүшелерге кері әсерін тигізетін ең қауіпті заттардың бірі. Одан бөлек ішімдікті артық тұтыну қылмыстардың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және жол-көлік оқиғаларының өсуіне алып келеді. Мысалы, көлікті мас күйінде басқару салдарынан жол апаттары жиілейді. Облыста 8 айда 509 жүргізушінің көлікті мас күйде басқарғаны анықталыпты.

Сонымен қатар ішімдікке тәуелділік адамдардың жұмыстағы тиімділігіне де әсер етеді. Тәуелділікке ұшыраған адамдар жиі жұмысқа кешігіп келеді немесе жұмысқа мүлдем шықпай қалады.

Қоғамдағы ішімдікке байланысты мәселелерді тек заңнамалық шаралармен шешу мүмкін емес. Облыстық полиция департаменті жүргізіп жатқан профилактикалық іс-шаралар ішімдікті қолданудың алдын алуға бағытталған қадамдардың бірі ғана. Алайда бұл бағыттағы шаралар кешенді болуы керек. Оған отбасы, білім беру мекемелері, жұмыс орындары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары қатысуы қажет. Мектептер мен колледждерде оқушыларға ішімдіктің зияны туралы дәрістер, тренингтер ұйымдастырылуы тиіс. Бала кезден дұрыс тәрбие алып, салауатты өмір салтын ұстануды үйренген жастар зиян әдеттерден аулақ болады. Қоғамның әрбір мүшесі ішімдікке қарсы күреске өз үлесін қосуы қажет. Жергілікті билік органдары, қоғамдық ұйымдар және құқық қорғау органдары бірлесе ішімдікті қолданудың алдын алу шараларын жүргізсе, оң нәтижеге қол жеткізетініміз анық.

Соңғы жылдары танымал болған электрондық темекілер зиянсыз деген пікір қалыптасқанымен ғылыми зерттеулер олардың да адам ағзасына қауіпті екенін дәлелдеп отыр.

Мемлекетіміздің заңнамасы бойынша, темекі өнімдерін, қорқор қоспаларын және электрондық темекіні белгілі бір орындарда тұтынуға қатаң тыйым салынады. Облысымызда мұндай бұзушылықтардың 305 жағдайы тіркелген. Бұл көрсеткіш темекі өнімдерінің тұтыну мәдениетінің төмен екендігін және бұл бағытта да кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілу керектігін көрсетеді.

Ішімдіктен бас тарту, темекі өнімдерінен аулақ болу – бұл тек жеке адамның денсаулығын сақтау ғана емес, қоғамның қауіпсіздігіне де үлес қосу.

А. ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар