Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

10 жасар бала қылмысты ашуға көмектесті

10 жасар бала қылмысты ашуға көмектесті
Ашық Дереккөз
Қас қарая Тараз қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне қоңырау шалған әйел үйінің жанында белгісіз адам күйеуіне пышақ жарақатын салғанын хабарлайды.

Жедел әрекет етудің арқасында жараланған ер адам қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Артынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері қылмыстың мән-жайын анықтау барысында жақын жерде ойнап жүрген 10 жасар бала қылмыстың кездейсоқ куәгері болғанын білген. Бір қуанарлығы, ойын баласы болса да бәрін есіне сақтап қалған екен. Осылайша 10 жасар бала полицейлерге күдіктінің киімі, келбеті, қайда қашқаны туралы маңызды ақпаратты айтқан. Оқушының қырағылығының арқасында полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады.

Полиция қызметкерлеріне ауыр қылмысты ашуға көмектескен 10 жасар баланың бұл ерлігі елеусіз қалмады. Тараз қаласы полиция басқармасының басшылығымен оқушыға ауыр қылмысты ашуға көмектескені үшін алғыс хат табыс етілді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар