Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Кәсіподақ көкжиегі кеңейіп келеді

Кәсіподақ көкжиегі кеңейіп келеді
А.Қартабай
10 қазан – Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күніне орай Тараз қаласындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Іс-шарада еңбек адамының мүддесін қорғап, кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлес қосып жүрген азаматтар арнайы марапаттарға ие болды.

Жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов, облыс әкімдігі басқармаларының басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіподақ жетекшілері мен белсенділері қатысты.

Салтанатты жиынды ашқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев кәсіподақ мүшелерін төл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін арнады.

– Қадірменді кәсіподақ мүшелері! Сіздерді бүгінгі Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке адал еңбегімен еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі. Кәсіподақ – еңбек адамының құқықтарын қорғау жолында мәртебелі миссия атқаратын аса маңызды қоғамдық институттың бірі. Сондай-ақ кәсіподақ – еңбек заңнамасының сақталуымен қоса, еңбек адамның құқықтары мен мүддесін қорғаудың кепілі. Осы ретте кәсіподақты халық қызметшісі десек, еш қателеспейміз.Бүгінде өңірімізде кәсіподақтың 1 420 бастауыш ұйымында 124 мыңға жуық мүшесі бұл міндеттерін абыройлы атқарып, күш-жігерін еңбек адамының құқығының сақталуына арнап келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бүгінгі кәсіподақ – Қазақстандағы азаматтық қоғамның басты белгісінің бірі», – деп, кәсіподақ ұйымына оң бағасын берген болатын. Сондай-ақ ел Президенті 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялады. Бұл – еңбек адамы ел игілігінің негізі екенін көрсететін маңызды қадам. Ал еңбек адамына шынайы қолдау көрсету оның еселі еңбегін құрметтеуден, мойындаудан басталады. Бұл игі бастаманы жүзеге асыруға кәсіподақ қызметкерлері де барынша атсалысады деп білемін. Сондықтан сіздердің алдарыңызда көптеген міндет тұр.Сіздердің ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз, белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз өмір сапасын арттыруға бағытталған. Осы орайда кәсіподақ ұйымына тән кәсіби шеберлік және өз ісіне деген адалдық қасиеттеріңіз бұл жүктелген міндеттерді еңсереді деп сенемін. Өңіріміздегі азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау қызметінде жетістіктеріңіз еселене берсін. Істеріңізге табыс, еңбектеріңізге береке тілеймін. Мереке тағы да құтты болсын! – деген Ербол Шырақпайұлы кәсіподақ белсенділері мен кәсіподақ қозғалысына қосқан үлестері үшін бірқатар тұлғаны Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапаттады.

Өз кезегінде облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев құттықтау сөзін арнап, облыс көлеміндегі кәсіподақ қозғалысына елеулі үлестерін қосып жүрген кәсіподақ өкілдерін Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапаттады. Мерекенің басты оқиғаларының бірі ретінде Олимпиада чемпионы Елдос Сметов «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар оған «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісі табысталды. Кәсіподақ белсенділері де Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының арнайы марапаттарына ие болды.

Іс-шараның соңында мерекелік концерт ұйымдастырылып, жиынға қатысушылар көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар