Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі жеке құрам қызметкерлерінің қатары толықты.
Нақтырақ айтқанда, бұл күні аталған мекеменің бейнебақылау бекетіне жауапты жас қызметкерлер өз міндетіне кірісті. Оларға режим бөлімшесінің ақпараттандыру және байланыс тобының аға инженері С.Рысқұл жұмыс барысын жіті түсіндірді. Сондай-ақ, жас қызметкерлерге тиісті нұсқаулық берілді.
Айта кетейік, қиындығы мол құқық қорғау саласында қызмет ету – екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені, мұнда кәсіби адал атқарудан бөлек, қашанда қырағылық танытуың шарт. Сонда ғана ел-жұрт артқан сенім мен сертке селкеу түсірмейтінің анық.
Келесі мақала
Қалдықтарды басқару қалай жүргізілуде?
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024